Ақпараттың өлшем бірліктері
Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте маңызды. Біз мәтінді жазу үшін әріптерді, музыка жазу үшін ноталарды, санды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Компьютер – электрондық есептеуіш мәшине. Оның «миы» әріпті, музыка немесе сандарды тікелей қабылдамайды, ақпаратты электр сигналдары арқылы қабылдайды. Компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады.
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрі – сөздер, сандар, суреттер мен компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Компьютер «миында» ақпаратты өңдеу үшін, әрбір белгіні сигнал түріне аудару керек. Сигнал болғанда 1, ал сигнал болмағанда 0 санымен белгіленеді. «Нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Ақпаратты осы 0 немесе 1 көмегімен кодтау, оларды сақтау мен жеткізу компьютер жұмысын мейлінше жеңілдетеді.
Бит – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Ақпараттың екілік бірлігімен жұмыс істеу жүйесінің қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады.
Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын секілді кез келген белгі. Мысалы, «Ақпарат» сөзі 7 байтты құрайды.
УДОБА
https://www.opiq.kz/kit/66/chapter/2640
- Бит – ағылш. «binary digit» – ақпараттың екілік бірлігі.
- 1 байт=8 битов
1 килобайт (Кб)=1024 байт
1 мегабайт (Мб)=1024 килобайт =210 килобайт
1 гигабайт (Гб)=1024 мегабайта=210 мегабайт
1 терабайт (Гб)=1024 гигабайт=210 гигабайт