Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттың қолжетімдігін, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз ету үрдісі.
Виртуалды кеңістікте орындайтын мақсаттарымыз бен міндеттерімізге байланысты осы аталған ақпараттық қауіп- сіздіктің негізгі үш түсінігінің әрқайсысы үшін түрлі қорғау шаралары қажет болады.
Мысалы, біз виртуалды кеңістікті веб-парақшаларды қарау үшін ғана қолданатын болсақ, онда ақпараттық қауіп- сіздікті қамтамасыз етуде бірінші кезекте антивирустық
программаларды қолдану, Интернет желісінде жұмыс істеудің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет болады.
Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Ақпаратты қорғауда дерек- терді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен ақпарат қорларының тұтастығын, қолжетімдік оңтайлылығын және құпиялылығын қамтамасыз ете аламыз.
Ақпаратты қорғау нәтижесінде мына сызбадағылар қамта- масыз етілуі керек .
ВИДЕОСІЛТЕМЕОҚЫҢЫЗ
- Ақпараттың тұтастығының бұзылуы ақпараттың ұрлануы немесе бұрмалануы кезінде орын алады. Мысалы, электронды пошта хаттарының және басқа да сандық құжаттар мазмұ- нының өзгеруі
- Ақпараттың құпиялылығы адамдарға құпия ақпарат жария болғанда бұзылады, бұл ақпараттың таралуына себеп болуы мүмкін.